icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"Қалбатау-Майқапшағай" автожолының жағдайы туралы

"Қалбатау-Майқапшағай" автожолының жағдайы туралы

"Қалбатау-Майқапшағай" бағыты бойынша жол учаскелерін қайта жаңарту жұмыстарына "ҚазГерСтрой" ЖШС мердігерлік ұйымдары және "Синьсин" қытайлық құрылыс Компаниясы тартылған.

2021 жылы 54,5 шақырымын пайдалануға беру, қалған 360,5 шақырым асфальтбетон жабыны бойынша қозғалысты ашу жоспарлануда. Қазіргі уақытта қатты төсемі бар жолдың 104 шақырымын құрайтын учаскесінде қозғалыс ашылды.

Қайта құру учаскелерінде сәуір айынан бастап құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 1 093 адам (оның ішінде 1046 адам жергілікті тұрғындар) және 568 бірлік жол-құрылыс техникасы жұмылдырылды.

Құрылыс жұмыстарына 8 қосалқы мердігерлік ұйым, 7 асфальтбетон зауыты және 7 ұсақтау-сұрыптау қондырғылары жұмыс істейді. Жол-құрылыс материалдарының жылдық қажеттілігінің 42%-ы (қиыршық тас 936 мың м3, темір-бетон бұйымдары 10 мың м3), жоспарланған 79 мың тн. битумның 12,7 мың тоннасы дайындалды.

"Қалбатау-Майқапшағай" жобасында 35 көпір және 364 су өткізу құбыры бар. Оның ішінде 13 көпір мен 198 су өткізгіш құбыр жасалған. 7 көпір және 166 құбыр жұмыс үстінде.