icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Біздің QazAvtoJol командасы Супер Лига чемпионы атанды

Біздің QazAvtoJol командасы Супер Лига чемпионы атанды

"Күз-2019" КЛФ маусымында біздің QazAvtoJol командасы Суперлигаға жолдаманы жеңіп алған болатын. 2020 жылы көптеген мықты командалардан озып, супер лигада күміс медальдің иесі атанған едік.        

Биылғы жылы Нұр-Сұлтан қаласының шағын футболдан Қазақстан футбол әуесқойлары лигасының "Жаз – 2021" маусымындағы біріншілігінің қорытындысы бойынша біздің lfc_QazAvtoJol командасы Суперлига чемпионы атанып, Алтын медальға ие болды.  

Турнир қорытындысы бойынша деректерді өңдеу орталығының диспетчері Юрий Дмитриев Үздік қақпашы болып танылды.

Сондай-ақ, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Т.Көктеубаевқа lfc_QazAvtoJol командасына белсенді көмектескені үшін алғысымызды білдіреміз.