icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында жабынның төменгі қабатын ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде

Батыс Қазақстан облысында жабынның төменгі қабатын ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Өнеге-Бисен-Сайхын» автомобиль жолының күрделі жөндеуден өтетін  50-103 шақырым учаскесінде жабынның төменгі қабатын ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні 6 шқырым ірі асфальт төселді.

Асфальт төсеуге 9 бірлік техника жұмылдырылған. 6 бірлік самосвал, 2 бірлік жол тығыздағыш техника, 1 асфальт төсегіш (Brand Bomaq).

Нысанда 55 техника және 121 қызметкер жұмыс істеуде. Бас мердігер - «Ақжол құрылыс» ЖШС. Техникалық қадағалау қызметін «Sapa SZ» ЖШС жүзеге асыруда.