icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы Қостанай облысының Әкімі -  Архимед Мухамбетовпен бірге  кеңейтілген жиын өткізді

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы Қостанай облысының Әкімі -  Архимед Мухамбетовпен бірге  кеңейтілген жиын өткізді

Бүгін Қостанайда облыс Әкімі -  Архимед Мухамбетовпен бірге  «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы облыстағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу бойынша кеңейтілген жиын өткізді. Жолдардың  сапасын қамтамасыз етуге байланысты бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Жалпы  облыстағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 1539 км құрайды.

Ағымдағы жылы  жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге 18,2 млрд.теңге бөлінді, ал 141 шақырым жолды жөндеу жоспарлануда.

Жиналыс соңында "Қазавтожол"  Қостанай облыстық филиал басшылығына  құрылыс жұмыстарының қарқынын арттыруды және де  барлық жобалардың уақытында орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.