Объективте - Түркістан облысы
"ҚазАвтоЖол" басқармасының Төрағасы Түркістан облысына жұмыс сапары барысында "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан тоннельдің құрылысымен танысты. Ағымдағы жылы оң жақтағы тоннель бойынша қозғалысты ашуға нұсқау берілді.
А2 "Алматы - Шымкент - Ташкент - Термез" объектісінің бас мердігері (593-632 шақырым) - "Evrascon" әзербайжан компаниясы. Бұл құрылысты қаржыландыру көзі - Дүниежүзілік банкі болып табылады.
Қазіргі уақытта бетон жұмыстары толығымен аяқталды, дренаж жүйесінің құрылысы жүргізілуде.