Бүгін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Төрағасы Асқар Мұратұлы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.
Іс- сапар барысында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Алматы-Ташкент-Термез жолының 476 шақырым болатын учаскесінде орналасқан, 28349 әскери бөлімінің аумағындағы қайғылы оқиғаның салдарынан бүлінген жол бойындағы қызмет көрсету нысандарына тексеру жүргізілді.
Сонымен қатар, Тараз-Қайнар ақылы болатын жол учаскесінде цемент-бетон жамылғысындағы ақауларды жою және жарықтарды жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы бақылауға алынды.