icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы қызметтік іс-cапарын  жалғастыру үстінде

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы қызметтік іс-cапарын  жалғастыру үстінде

Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы  «Меркі-Бұрылбайтал» жобасының жүзеге асырылу барысын тексеріп шықты.  Жобаның бас мердігері "Синьсин" Қытай Құрылыс және даму компаниясы "ЖШС /"АБК - Автодор НС" ЖШС құрамындағы Консорциум болып табылады.

Бүгінгі таңда аталған учаскеде 20 көпір мен жол өтпесінің құрылысы мен жер қазу жұмыстары аяқталуда. 263 құбыр салынды, 200 шақырымнан астам жол төселді.

Сондай-ақ, іс сапар соңында барлық мердігер компанияларға жиын өткізілді.  Орындалатын жұмыстардың сапасын қадағалауды, жұмыс қарқынын күшейтуді, жабынның асфальтбетон қабаттарын орнату бойынша жұмыстардың тәулік бойы үш ауысымда орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Жыл соңына дейін бүкіл учаске бойынша бір бағытта жүруді қамтамасыз ету туралы нақты нұсқау берілді. Ағымдағы құрылыс маусымының қолайлы ауа-райының кезеңін барынша пайдалану, сондай-ақ жолдарды қысқы күтіп-ұстауға дайындауға алдын ала кірісу туралы айтылды.