icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Қоғамдық тыңдаулар өткізіледі

Қоғамдық тыңдаулар өткізіледі

Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ зияткерлік көлік жүйесі элементтерімен ақы алу жүйесін енгізу бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді

Республикалық маңызы бар "Нұр-сұлтан-Ерейментау-Шідерті", "Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы", "РФ шекарасы (Омбыға)-Майқапшағай"автомобиль жолдарының учаскесінде.

"РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай" автожолы бойынша ақы алудың ашық жүйесі бар жүк көлік құралдары үшін ақылылықты енгізу көзделген.

Ашық жүйенің сипаттамалары:

- шлагбаумдардың болмауы;

- онлайн төлем. Ашық жүйе кезінде автокөліктің мемлекеттік нөмірінің шотын толтыру немесе берешектің бар екендігі туралы алынған хабарламаларға сәйкес банктік деректемелер бойынша ақша қаражатын аудару жолымен жол жүрудің алдын ала төлеу тәсілі қолданылады.

Бүгінгі күні 10 бақылау аркасы және 4 клиенттермен жұмыс жүргізу орталығы (ЦРК) орнатылды.