icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Ақылы жолдың артықшылығы

Көптеген дамыған және дамушы елдерде автомобиль жолдарында ақылы жүйені енгізу тәжірибесі бар. Бұл жаңалық жол пайдаланушылардан (жүргізушілерден) жол жүру үшін қаражат жинау есебінен өзін-өзі қамтамасыз етеді. Сол арқылы ақылы жолдарды ұстауға мемлекеттің қаражатын үнемдеуге көмектеседі. Бұл мемлекеттік бюджет қаражатын халықтың басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелеріне жұмсауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бағдарламалық-аппараттық кешен құрылғыларының негізгі артықшылықтарын атап өтуге болады:

1) автожолдарда қауіпсіздікті арттыру;
2) автожолдарды күтіп-ұстау сапасын арттыру;
3) автожолдарды автоматтандыру;
4) КҚ жылдамдығын бақылау арқылы ЖКО азайту;
5) ықпал ету үшін мониторинг орталығына ақпарат беру арқылы автожолдардың жүру бөлігін тұрақты бақылау;
6) жол бойындағы сервисті арттыру;