icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өтті

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өтті

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ИИДМ Вице-министрі Б.Камалиевтің қатысуымен брифинг өтті. Оған автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Т.Абдуллин, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Мұратұлы Асқар, "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК Бас директоры З. Сағынов қатысты.

Брифинг барысында ҚР ИИДМ Вице-министрі Б.Камалиев "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы аясындағы 2020-2025 жылдарға арналған міндеттер, 2021 жылғы Құрылыс және жаңарту жобалары, жергілікті желіні дамыту, орындалатын жұмыстардың сапасы, ақы алу жүйесін енгізу және жол бойындағы қызмет көрсету нысандары туралы баяндады.

Сондай-ақ, "ҚазАвтоЖол" АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы жаңа ақылы жолдардың енгізілетіні туралы атап өтті. Ұзындығы 5,8 мың щақырымды құрайтын ақылы учаскелерді енгізу жоспары кезең-кезеңмен жасалады.  Жол тарифі I-санаттағы 1 шақырым жолдың құны 1 теңгеден 25 теңге аралығында қалады. II және III категориялар тек А жолдары бойынша жүк көліктерінің көлік коэффициентін қолдана отырып, жайлылық деңгейіне байланысты төлем алынады", - деп атап өтті ведомство басшысы.  Бүгінгі таңда өнеркәсіптік пайдалануға 7 учаске дайын: Нұр-Сұлтан-Павлодар; Шымкент- Өзбекстан шекарасы; Шымкент-Қызылорда; Шымкент-Тараз; Тараз - Қайнар; Қапшағай - Талдықорған; Нұр-Сұлтан - Көкшетау – Петропавл.

Брифингтің соңында журналистер өздерін алаңдатып жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.