icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

ҚР ИИДМ Вице-министрі Б. Камалиев және "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Мұратұлы Асқар жұмыс сапарымен Алматы облысына келді

ҚР ИИДМ Вице-министрі Б. Камалиев және "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Мұратұлы Асқар жұмыс сапарымен Алматы облысына келді

 

Бүгін ҚР ИИДМ Вице-министрі Б.С. Камалиев пен "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Мұратұлы Асқар жұмыс сапарымен Алматы облысына келді.   

Таңертең ерте Алматы филиалымен, жолшылармен және мердігер ұйымдармен кеңес өткізілді. Күн тәртібінде барлық өзекті мәселелер көтерілді.

Бұдан кейін, жұмыс тобы "Алтын Орда" күрделі жөндеу жобасының іске асырылу барысын тексерді. Сондай – ақ, "Алматы-Ғарыш станциясы" және "Алматы-Ұзынағаш" эскиздік жобаларымен танысты.

Егер нақтырақ айтатын болсақ, 2018 жылдан бастап «Райымбек-Алматы» 786-790 шақырым аралығында қозғалыс бөлігінде «Алтын-Орда»), Республикалық маңызы бар "Өзбекстан шекарасы (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы, Қырғызстан шекарасы өзені,  "Алтын Орда"  және "Барлық" базарлары ауданының жүру жолын кеңейту бойынша күрделі жөндеу жобасы жүзеге асырылуда. Бұл нысанды іске асырудың мақсаты  -үлкен трафикті, халық үшін ыңғайлылықты және осы учаскеде сауда орындарының орналасуына байланысты азаматтардың бизнесін жүргізу үшін инфрақұрылым мәселелерін шешу. Учаскедегі қозғалыс қарқынын арттыру болды. Учаскенің жалпы ұзындығы 3,86 шақырым.

 

Жоба бойынша көлік жүретін бөлікті 8-10 қозғалыс жолағына дейін кеңейту, "таға" түріндегі бұрылу эстакадасы мен ұзындығы 600 метр негізгі магистральдық эстакада, сондай-ақ 3 жерүсті жаяу жүргіншілер көпірі мен Ақсай өзені арқылы өтетін көпір салу көзделген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын "СП "Сине Мидас Строй" ЖШС орындауда.

Жалпы учаске бойынша қажетті жұмыс жүргізілуде. 17 шілдеде "таға" түріндегі бұрылу эстакадасы бойынша жұмыс аяқталып, автокөлік үшін қозғалыс ашылған болатын.

Толыққанды қозғалыстың ашылуы және жобаның аяқталуы 2021 жылдың соңына дейін жоспарлануда.

 

Сондай-ақ, "Шамалған станциясын айналып өту" автомобиль жолын қайта жаңарту нысанына тексеру жүргізілді. 

2019 жылдан бастап "Шамалған станциясын айналып өтіп, РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» 2453-2446 шақырым аралығындағы (42-49 шақырым) "Республикалық маңызы бар автомобиль жолын жаңарту" жобасы іске асырылуда. Учаскенің жалпы ұзындығы 6,01 шақырым.

Жоба бойынша теміржол және автожол арқылы эстакада, ауыл шаруашылығы техникасының өтуіне арналған жол өтпесі мен көпір салумен техникалық санаттағы І-Б айналма автожолын (бөлу жолақтары бар қозғалыстың 4 жолағы) салу көзделген.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын "Тодини Коструциони Дженерали С.П. А.           "АҚ консорциумы/"СП "Сине Мидас Строй"ЖШС орындайды.

Қазіргі уақытта теміржолдар мен жергілікті автожолдар арқылы эстакада салу жұмыстары жүргізілуде.

Республикада бұрын пайдаланылмаған жаңа технологияларды қолдана отырып, учаске бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуде. Бұл "KELLER" технологиясы бойынша топырақ-цемент колонналарын орнату жолымен жер төсемінің негізін нығайту. Жобаның толық аяқталуы 2022 жыл болып белгіленді.