Пайдалануға беруге дайын автомобиль учаскелері
Бүгінгі таңда Нұрсұлтан-Павлодар, Шымкент-Өзбекстан шекарасы (Ташкентте), Щучинск-Көкшетау учаскелері ақылы жолдардың қатарына қосылуға дайын. Бұл учаскелер барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Аталған учаскелерді пайдалануға беру туралы бұйрықтардың жобалары Қапшағай-Талдықорған, Шымкент-Тараз, Тараз - Қайнар, Шымкент – Қызылорда мемлекеттік органдардың келісуінде.
Бұл 1 санаттағы жол учаскелерінде ақылы жолды енгізу 2021 жылдың 1 қазан айынан тестілік режимде, 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап нақты пайдалануға беріледі.
Ақылы учаскелер бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшерлемелері 2013 жылы Нұр-Сұлтан - Щучинск бірінші ақылы учаске енгізілгеннен бері өзгерген жоқ және ол сол қалпында қалады.
ІІ санаттағы жол қозғалысы үшін төлемақы тарифін төмендету жоспарда бар. Аталған мәселе мемлекеттік органдардың келісуінде.