БАРЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ МЕРДІГЕРЛІК ҰЙЫМДАР НАЗАРЫНА!

БАРЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ МЕРДІГЕРЛІК ҰЙЫМДАР НАЗАРЫНА!

 БАРЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ МЕРДІГЕРЛІК ҰЙЫМДАР НАЗАРЫНА!

БАРЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ МЕРДІГЕРЛІК ҰЙЫМДАР НАЗАРЫНА!

 

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолын, км 216-424 «Қызылорда – Жезқазған» учаскесін реконструкциялау бойынша жобаны дайындау үшін техникалық көмек (ТК) ретінде жеке консультанттарды іріктеуге конкурстық рәсімдер басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурс Азия даму банкінің (АДБ) https://www.adb.org/projects/54078-001/main#project-tenders электрондық порталында электрондық форматта өткізіледі. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сайтта жеке консультант ретінде тіркелу және өтінімдерді беру міндетті талап болып табылады.

Нақты жеке консультантқа қойылатын талаптар туралы толық ақпаратқа сайтта орналастырылған техникалық тапсырмаларда қол жеткізуге болады:

  1. Жоба жетекшісінің орынбасары (жол инженері) : https://www.adb.org/node/730016
  2. Жол қауіпсіздігі жөніндегі маман:

https://www.adb.org/node/729951

  1. Әлеуметтік даму жөніндегі маман (гендер және қоныс аудару): https://www.adb.org/node/729956
  2. Құқықтық мәселелер жөніндегі маман:

https://www.adb.org/node/729961

Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі – 2021 жылғы 4 қыркүйек, конверттерді ашу күні – 2021 жылғы 21 қыркүйек.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ әлеуетті өнім берушілерді қандай да бір болмасын сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады. Егер сіз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын көрсеңіз немесе сыбайлас жемқорлық көріністерінің куәсі болсаңыз, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ сенім телефоны + 7 7172 648738 және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің CALL орталығының 1424 нөмірі бойынша хабарласуыңыз қажет.