"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Мұратұлы Асқар өзінің қызметтік іс- сапарларын жалғастыру үстінде.
Бүгін жылы СГТ (санитарлық-гигиеналық тораптар) жағдайын тексеру үшін Ақмола облысына барды. Алдағы 10 күн ішінде Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті автожолының 80 және 95 шақырымындағы тораптарды іске қосуды тапсырды. Және де қар басып қалатын учаскелердің алдын алу үшін қорғаныстарды күшейтуді қатаң бақылауға алуды бұйырды.
Аршалы ауданынан Ерейментау ауданына қарасты қардан қорғайтын т/б қоршауларды көшіру бойынша жүргізіліп жатқан учаскелерді тексеріп, қоршауларды монтаждау бойынша жұмыстарды жеделдетуге тапсырма берді