icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Мұратұлы Асқар кезекті қызметтік іс-сапарымен  Павлодар облыстық филиалының жұмыс барысын тексеріп қайтты

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Мұратұлы Асқар кезекті қызметтік іс-сапарымен Павлодар облыстық филиалының жұмыс барысын тексеріп қайтты.

Сапар барысында Павлодар-Семей бағыты бойынша 422-432 шақырымындағы автожолдың, Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский - 0-10 шақырым аралығындағы күрделі жөндеу учаскесінің және "Павлодар-Успенка-РФ шекарасы" жолындағы 11-49 шақырымындағы орташа жөндеу учаскесінің құрылысымен танысты. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласына қарай Төрткұдық кентінің жанындағы санитарлық-гигиеналық тораптың жұмысын тексерді.

Сапар қорытындысы бойынша нысандардағы жұмыс қарқынын арттыруды, қабылданатын жұмыстардың сапасын бақылауды күшейтуді және де Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын алдағы қысқы күтіп- ұстауға уақтылы дайындау жөнінде тапсырмалар берілді.