"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары учаскелеріндегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, күрделі жөндеу нысандарының мердігерлік компанияларымен бірнеше өндірістік кеңес өткізді. Автожол саласын дамыту аясында ағымдағы жылы түрлі жөндеу жұмыстарымен 324 км автожол қамтылды. Жолдардың қалған учаскелері бойынша күтіп ұстау жұмыстары жүргізіледі. Күрделі жөндеу аясында өңір үшін аса маңызды автожолдар, жалпы ұзындығы 248 құрайтын "Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы" және "Өнеге-Бисен-Сайқын" нысандарын іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Төраға барлық мердігер ұйымдардың ағымдағы жылғы жұмысын қатаң сынға алды. Техникалық қадағалаудың инжинирингтік қызметтерінің ұсынымдары бойынша жыл соңына дейін кейбір мердігер компаниялармен шарттық міндеттемелерді бұзу жоспарлануда. Сонымен қатар, ағымдағы жылғы өндірістік жоспарлардың пандемияға және қолайсыз ауа-райына байланысты туындаған форс-мажорлық жағдайларға байланысты бұзылуын ескере отырып, 30-дан 60 күнтізбелік күнге дейін асфальтбетон жабындысы бар 60 шақырымдай автожолды ашу жоспарлануда. Бүгінгі таңда аталған учаскелерде 300 бірлік жол-құрылыс техникасы, 5 уатқыш қондырғы және 4 асфальт-бетон зауыты жұмыс істеуде, 400 жұмысшы жұмылдырылған, олардың 85% - ы жергілікті тұрғындар.
Өз кезегінде, "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ 2021 жылға қойылған міндеттемелерді уақтылы және тиімді орындауға барынша күш салатын болады. Сондай-ақ, Басқарма Төрағасы жұмыс тобымен бірге "Қазақавтожол" ЖШС өндірістік базасында болып, нысанның техникалық жабдықталуына және қысқы күтіп ұстауға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру барысына тексеру жүргізді.