Бүгін "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Мұратұлы Асқар Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Маминнің БҚО-ға жұмыс сапары аясында Үкімет басшысына өңірдегі автожол саласының дамуы туралы мәлімдеді. Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарымен жалпы ұзындығы 324 км автожол қамтылғаны туралы баяндалды. Жолдардың қалған учаскелері бойынша күтіп-ұстау жұмыстары жүргізілетін болады. Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша алдағы 5 жылда "Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы" (ұзындығы 144 км) және "Атырау-Орал" (335 км) халықаралық маңызы бар автожолдарды қайта жаңарту жоспарлануда. "Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы" тас жолын қайта жаңартқаннан кейін аталған жол III-санаттан II техникалық санатқа ауыстырылатын болады және "Атырау-Орал" автожолы 4 жолақты қозғалысты Іб техникалық санатқа ауыстырылатын болады. Сондай-ақ, жоба аясында ұзындығы 32 км, 2 жолақты қозғалысы бар "Орал қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы" жобасын іске асыру жоспарлануда.