icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) ынтымақтастық аясында «Қызылорда-Жезқазған» жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді

 Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) ынтымақтастық аясында «Қызылорда-Жезқазған» жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.     

Бүгін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен ЕҚДБ арасында тиісті келісімге қол қойылды. Оның ішінде  «Қызылорда – Жезқазған» жобасы шеңберінде Қызылорда облысында 218 шақырым жолды реконструкциялау қарастырылған. Оған  Қызылорданың айналма жолы да кіреді.  203 шақырымы  ІІ санаттағы негізгі жол  болса қалған  15 шақырымы I санаттағы  айналма жол.   Қазіргі уақытта ЕҚДБ ережелері бойынша мердігерлер мен құрылысты қадағалау жөніндегі консультанттарды анықтау үшін халықаралық конкурстық тендер өтіп жатыр. Келісімшарттар жасасу мен құрылыс жұмыстарын бастау ағымдағы жылдың соңына жоспарланған.

Құрылыстың ұзақтығы 36 айға   (3 жыл) созылмақ.