Бүгін "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Төрағасы Мұратұлы Аскар Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары барысында Балқаш-Бурылбайтал, Мерке-Бурылбайтал, Күрті-Бурылбайтал жобаларын іске асыру мәселелері талқыланып, кеңестер өткізілді.
Барлық мердігерлерге жұмыс қарқынын күшейтіп, сапаны қатаң қадағалау және де алдағы қысқы мерзімдегі жолды күтіп - ұстау дайындықтарын пысықтау тапсырылды.