Демалыс алаңында Республикалық маңызы бар А-27 "Ақтөбе-Атырау-РФ шек. "(Астрахань бағыты) "Атырау көлік прокуратурасы", "Атамекен палатасы", Атырау облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы, Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, "жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Атырау облыстық филиалы және БАҚ өкілдерінің қатысуымен "Жолдағы қабылдау" іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында Атырау облысының Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қабылдау бөлімі ұйымдастырылды, жүк автомобильдерінің салмақтық параметрлері өлшенді, шектеулерден асып кетпеу туралы заңнама түсіндірілді, сұрақтарға жауаптар берілді.


