icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Щучинск қаласында ақылы жолды енгізу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Щучинск қаласында ақылы жолды енгізу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

 

2021 жылдың 5 қазанында "Нұр-Сұлтан - Петропавл" автожолының 235 шақырымы "Кең Дала"  кешенінде автожол пайдаланушыларына "Щучинск-Көкшетау" учаскесіне ақылы жолды  енгізу мәселелері түсіндірілді.

 

Сағат 11-00-ден 18-00-ге дейін түсіндіру жұмыстары Щучинск қаласының  тұрғындарымен жане осы жердегі кызмет көрсету нысанына келушілерімен жүргізілді.

 

Ақылы жүйені енгізу, ақы алудың ашық жүйесі кезінде ақы алу, баламалы жолдың болуы, ақы төлеуден босату мәселелері айтылды. Ауыр жүк автомобильдерінің жүргізушілері арнайы тоқтап, сұрақтар қоймады.  Дегенмен бұл  дәстүрлі түрде қызмет көрсету нысаны, яғни, осы автожол учаскесіндегі жүк тасушыларды жинайтын орын болып табылады.

 

Ауа райының қолайсыздығына және дизель отынының жетіспеушілігіне/ болмауына байланысты бүгін ауыр жүк таситын жүргізушілер жолда аз болды. Құрамында КАЖ, ҚазақАвтоЖол, облыстық көліктік бақылау инспекциясы өкілдері бар көшпелі топ жұмысын сағат 18-00-де аяқтады.