"QazAvtoJol" ҰК " АҚ Басқарма Төрағасы Мұратұлы Асқар Ақтөбе облысында
2021 жылғы 6 қазанда "QazAvtoJol "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Мұратұлы Асқар Республикалық маңызы бар А-27 "Ақтөбе-Атырау- РФ шекарасы (Астраханьға) шақырым 11-330.
Қайта жаңарту учаскелерінде 4 мердігерлік ұйымдар "СинеМидасСтрой&Тодини Коструциони Дженерали С.П. А" ЖШС (11-52 шақырым), "Ақжол құрылыс – ЖШҚ АзВирт – ЖШС Ассана ДорСтрой" ЖШС (52-100 шақырым), "Uniserv" ЖШС (100-160 шақырым), Тодини Коструциони Дженерали С. П. А (160-220 шақырым, 275-330 шақырым) іске қосылды.
Техникалық қадағалауды ZS Engineering LLP (Қазақстан) Субконсультантымен бірге DONGSUNG Engineering C., LTD (Корея) компаниясы жүзеге асырады.
Қайта жаңарту учаскелерінде 903 адам, 537 техника жұмылдырылды. 8 қосалқы мердігерлік ұйым тартылды.
Жобаға сәйкес, қайта жаңартылған автомобиль жолы Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына кіреберіске дейін III санаттан 4 жолақты қозғалысы бар I-б санатына ауыстырылатын болады. (77,8 шақырым) және II санаттағы 2 жолақты қозғалыспен Қандыағаш қаласын айналып өтіп, Атырау облысының шекарасына дейін (250,8 шақырым).
Сондай-ақ, 20 дана көпір құрылыстары, 73 дана су өткізу құбырлары салынады. Жолдың осы учаскелеріне қызмет көрсету үшін жол-пайдалану басқармасы мен жол-пайдалану пункті орналастырылады.
Іс-сапар қорытындысы бойынша Басқарма Төрағасы Мұратұлы Асқар осындай белсенді қарқынмен жұмысты жалғастыруды, учаскелерде білікті мамандар мен техниканың қажетті санын жұмылдыруды тапсырды. Жұмыстардың сапасы мен қабылдануына, Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын алдағы қысқы күтіп-ұстауға уақтылы дайындалуға бақылауды күшейтуді бұйырды.
Сондай-ақ жобаны іске асыруды көрсетілген мерзімде қозғалысты уақтылы ашу үшін барлық қажетті жағдайларды жасау керектігін қатаң тапсырды.