icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Ақылы жолдарды енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ақылы жолдарды енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2021 жылдың 6 қазанында Қапшағай-Талдықорған автомобиль жолының 124 шақырымындағы автотұрақ учаскесінде тұрғындармен және жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны ҚР ИИДМ, Автомобиль жолдарының комитеті, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ  Ақылы жолдар дирекциясы департаменті өкілдері өткізді.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық көліктік бақылау инспекциясы Алматы филиалы, жергілікті атқарушы органдар ақпараттық стендтер, баннерлер дайындады.     

Пайдаланушыларға ақылы жүйені енгізу, Ашық төлем алу жүйесі кезінде ақы алу, ақылы болу қажеттілігі мәселелері түсіндірілді. Негізінен көпшілікті жол жүру мөлшерлемесі, жол жүру жеңілдіктері, автожолдың жай-күйі және оны жазғы және қысқы уақытта ұстау мәселелері қызықтырды.

Кездесуге қатысқан ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері негізінен жолдардың сапасы мен жанар жағармай мәселелеріне қызығушылық танытты.           

          Жылжымалы топ өз жұмысын сағат 18-00-де аяқтайды.