icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басшысы Атырау облыстық филиалын тексеріп қайтты

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басшысы Атырау облыстық филиалын тексеріп қайтты

2021 жылдың 6 қазанында "ҚазАвтоЖол"ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы қызметтік іс-сапармен Атырау облыстық филиалын тексеріп қайтты.  

Республикалық маңызы бар "Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы (Астрахан бағыты)" автомобиль жолындағы қайта жаңарту жұмыстарын тексеріп,  мердігер мекемелермен кездесу өткізді.

 Кездесу барысында жол-құрылыс материалдарының қымбаттауы жайлы және жұмыстардың мезгілінде орындалу үшін жұмыс күшін арттыру керектігін қадап айтты.

Сонымен қатар Басқарма төрағасы уақытша айналма жолды күтіп ұстау жұмыстарын қатаң назарға алып, күнделікті атқаруды тапсырды. Барлық атқарылып жатқан жұмыстар басшылықтың қатаң бақылауында болатынын ескертті.