icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«Шымкент қаласының солтүстік айналма жолы»  учаскесінің бойында түсіндіру кездесулері өтті

«Шымкент қаласының солтүстік айналма жолы»  учаскесінің бойында түсіндіру кездесулері өтті

2021 жылғы 8 қазанда "Шымкент қаласының солтүстік айналма жолы" автомобиль жолының учаскелерінде түсіндіру кездесулері өтті. Ақылы жүйені енгізу, "ашық" жүйе кезінде ақы алу, балама жолдың болуы, төлемнен босату шарттары мәселелері талқыланды. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар, ауыр жүк машиналарының жүргізушілері және тұрғындар дизель отынының тапшылығына қатысты сұрақтар қойды.

Аталған іс-шара ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ, Көліктік бақылау инспекциясы," Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, жергілікті атқарушы органдар және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен өткізілді.