"Ташкент-Самара" жол учаскесінде алысқа жүретін жүргізушілермен кездесу өтті
Бүгін "ҚазАвтоЖол" өкілдері "Ташкент-Самара" бағыты бойынша 1803 шақырым жол учаскесінде алысқа жүретін жүргізушілермен кездесу өткізді.
Көптеген жүргізушілер дизель отынының тапшылығы, бір бағытқа қана төлем жасау, жеңілдік абонементтерін енгізу сияқты сұрақтар қойды. Қызылорда облысының тұрғындары мен жүргізушілері ақылы жолға қатысты өздерінің ұсыныстарын айтты. "Қазавтожол" қызметкерлері осы кеңеске қатысушылардың барлық ұсыныстарын назарға алды. Және олар өз кезегінде тиісті министрлікке жеткізілетін болады.
Жол қызметкерлері қатысушыларға ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап ақылы учаскелерде қолданылатын төлем әдістері мен тарифтер жайлы толыққанды ақпарат берді.