icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«Алтын Орда» базары жанындағы автожол учаскесі


Бүгінгі күні «Алматы-Бішкек» автожолының 786-790 шақырымында («Алтын Орда» 16-19 шақырым) «Райымбек-Алматы» учаскесінің қозғалыс бөлігін кеңейту бойынша күрделі жөндеу нысанын эстакада құрылысымен жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Нысанда 215 адам және 30 бірлік жол-құрылыс техникасы жұмыс жасауда.
Қазіргі уақытта негізгі күштер магистральдық эстакада бойынша жұмыстарға бағытталған, атап айтқанда:
- Сол жағын бетондау жұмыстары толық көлемде аяқталды, оң жағынан 100 м аралық құрылыс құйылды;
Металл конструкцияларды монтаждау, Қалыптарды орнату, оң жағынан аралық құрылысты арматуралау жүргізілуде. 300 м аралық құрылысты бетондау жүзеге асырылады;
- Қалған 200 м бетон қоспасын қабылдау үшін дайындық жұмыстары аяқталуға жақын.
Магистральдық эстакада бойынша негізгі жұмыстар жоспарланған мерзімге сәйкес жүргізілуде, жұмыс жүргізу кестесінен артта қалушылық жоқ. Жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған.
Құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес бетондау жұмыстары аяқталғаннан кейін, сондай-ақ жұмыс жобасына сәйкес аралық құрылыстың негізгі жүктемесі түсетін арқандарды кезең-кезеңмен тарту басталады. Бұдан әрі конструкцияның статикалық және динамикалық сынақтарын жүргізу (көпір конструкциясын салғаннан кейін ажырамас бөлігі), одан кейін негізгі магистральдық эстакада бойынша өтуді қамтамасыз ету жоспарлануда.