icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

14 қазанда Алматы қаласында TransLogistica Kazakhstan көрмесі шеңберінде "Көлік және логистика нарығы" III Халықаралық конференциясы өтті

14 қазанда Алматы қаласында TransLogistica Kazakhstan көрмесі шеңберінде "Көлік және логистика нарығы" III Халықаралық конференциясы өтті. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ атынан Басқарма төрағасының орынбасары М.X. Сүлейменов спикер болды.
Конференция барысында Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары учаскелерінде ақылылықты енгізу, автожолдардың ақылы учаскелерінде төлемақы мөлшерлемелері, жол бойындағы сервис объектілерін дамыту туралы мәселелер қозғалды. Конференция жүргізуші жаңа ақылы учаскелердегі төлемақы мөлшерлемелері туралы, сондай-ақ ақылы учаскелердегі жолдардың санаты туралы сұрақтар қойды. Марат Хамзаұлы I санаттағы жаңа ақылы учаскелерде жол жүру ақысының мөлшерлемесін 2013 жылғы деңгейде қалдыру жоспарланғанын хабарлады. 2025 жылға дейін республикалық желінің 11 мың км автомобиль жолын ақылы ету жоспарда бар.