icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Республикалық маңызы бар  «Шымкент-РФ шекарасы (Самараға)»  автомобиль жолының орташа жөндеу жобасы аяқталды

Республикалық маңызы бар  «Шымкент-РФ шекарасы (Самараға)»  автомобиль жолының орташа жөндеу жобасы аяқталды

Батыс Қазақстан облысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ келісімшартына сәйкес  «DSK Приоритет» ЖШС  республикалық маңызы бар  М - 32 «Шымкент - РФ шекарасы (Самараға)» автомобиль жолының 271-298 шақырымындағы орташа жөндеу жобасын аяқтады.   

Жөндеу жұмыстары қыркүйек айында басталып, қараша айының соңында тапсыру жоспарланған болатын. Мердігер компания өңірдегі қолайлы ауа-райын тиімді пайдалану үшін жұмыс қарқынын үдетіп, жобаны мерзімінен бұрын аяқтады. Нәтижесінде қолданыстағы жол жабынының бұзылған және ойылған учаскелерін фрезерлеу жұмыстары жүргізілді. Жолдың үстіңгі қабатын тегістеу үшін ұсақ түйіршікті асфальтбетон қоспасы пайдаланылды.

Сондай-ақ, қолданыстағы жабынды сақтау және кейіннен бұзылуға жол бермеу мақсатында қиыршықтасты мастикалық асфальтбетон жабыны орнатылды. Күре жолдың осы учаскесінде жүк көліктері мен жеңіл автокөліктердің қозғалысы көп болғандықтан  орташа жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. Қазіргі таңда жол таңбалау жұмыстары жүргізілуде.

 Осы жұмыстар толық аяқталған соң жоба тапсырыс беруші "ҚазАвтоЖол" ҰК" Батыс Қазақстан облысы филиалының  техникалық қадағалау және "САПА СЗ" ЖШС инжинирингтік қызметтері өкілдерінің, сондай-ақ қоғам белсенділерінен құрылған арнайы комиссия шешімімен қабылданатын болады.