icon
Карталар Тілдерді дамыту
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«QazAvtoJol» Басшысы Ақтөбе облысы филиалының жұмыс барысын тексерді

-

«QazAvtoJol» Басшысы Ақтөбе облысы филиалының жұмыс барысын тексерді

 

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы Ақтөбе облысына келіп, Республикалық маңызы бар "Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханьға) 11-330 шақырым болатын жолдың құрылыс жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ, мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізілді. Сапар қорытындысы бойынша Басқарма Төрағасы құрылыс учаскелеріндегі жұмыстарды күшейтуді, учаскелерде білікті мамандар мен техниканың қажетті санын арттыруды, жұмыстарды қабылдау мен сапасын бақылауды күшейтуді, Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын алдағы қысқы күтіп ұстауға уақтылы дайындалуды тапсырды. Жобаны іске асырудың көрсетілген мерзімінде қозғалысты уақтылы ашу үшін барлық қажетті жағдайларды жасауды бұйырды.

Қайта құру учаскелерінде 4 мердігерлік ұйымдар "СинеМидасСтрой&Тодини Коструциони Дженерали С.П. А" ЖШС (11-52 шақырым), "Ақжол құрылыс – ЖШҚ АзВирт – ЖШС Ассана ДорСтрой" ЖШС (52-100 шақырым), "Uniserv" ЖШС (100-160 шақырым), Тодини Коструциони Дженерали С. П. А (160-220 шақырым, 275-330) жұмысмқа тартылды. Техникалық қадағалауды Zs Engineering LLP (Қазақстан) Субконсультантымен бірге Dongsung Engineering C., Ltd (Корея) компаниясы жүзеге асырады.

Қайта құру учаскелерінде жұмысқа 905 адам, 540 бірлік техника жұмылдырылған. 8 қосалқы мердігерлік ұйым тартылды.

Жобаға сәйкес, қайта жаңартылған автомобиль жолы Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына кіреберіске дейін III санаттан 4 жолақты қозғалысы бар I-б санатына ауыстырылатын болады. (77,8 шақырым) және II санаттағы 2 жолақты қозғалыспен Қандыағаш қаласын айналып өтіп, Атырау облысының шекарасына дейін (250,8 шақырым).

Сондай-ақ, 20 дана көпір құрылыстары, 73 дана су өткізу құбырлары салынады. Жолдың осы учаскелеріне қызмет көрсету үшін жол-пайдалану басқармасы мен жол-пайдалану пункті салынады.