Асфальтобетон жабынының соңғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде
Республикалық маңыздағы «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автомобиль жолы 1013-1046 шақырымы қайта жаңарту учаскелерінде ҚТМА асфальтобетон жабынының соңғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мердігер ұйым «TODINI Central Azia» ЖШС.
Қайта құру учаскелерінде 1131 адам, 740 бірлік техника жұмылдырылылған. 7 қосалқы мердігерлік ұйым жұмыс атқарады.
Тәулік бойы 10 бірлік асфальтбетон зауыты және 14 бірлік уату-сұрыптау қондырғылары жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 2031 мың м3 қиыршық тас, 12,79 мың м3 темірбетон, 36,9 мың тонна битум дайындалды.
Бүгінгі таңда 9,8 млн. м3. жер төсемі, 353 км негіз, 303 км асфальт, сондай-ақ 397 дана су өткізу құбырлары мен мал өткелдері, 11 дана көпірлер мен жол өткелдері салынған.
303 шақырым жаңа асфальтбетон жабыны бойынша қозғалыс қамтамасыз етілді.


