icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Жаңа серіктестік

Жаңа серіктестік

           Бүгін "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Мұратұлы Асқар "Muganbank OJSC" Әзірбайжан банкінің өкілдерімен кездесті. Бұл банктің өкілдігі Нұрсұлтан қаласында 2022 жылдың бірінші тоқсанында ашылады.  Банк басшысы Эльмир Хасанов алдағы жоспарларымен бөлісті.

Кездесу барысында тараптар жол саласына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Әзербайжан банкінің өкілдері қаржы құралдары, техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ инженерлік консультациялар бойынша жергілікті жол-құрылыс компанияларын қолдауға дайын екендіктерін білдірді

Сондай-ақ осы бағытта отандық және де шетелдік компаниялармен әріптестік қатынастарды дамыту, оның ішінде Қазақстандық жол-құрылыс компанияларын Әзербайжан мен басқа да елдердің нарықтарына шығару туралы келсөздер жүргізілді. Кездесу  оңтайлы өтті. Қатысушылар барлық белгіленген жоспарларды іске асыратын жұмыс тобын құруға келісті.