icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«Петропавл-Соколовка РФ шекарасы» автомобиль жолының Бармашы өзені арқылы өтетін көпірінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

«Петропавл-Соколовка РФ шекарасы» автомобиль жолының Бармашы өзені арқылы өтетін көпірінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

 

«Петропавл-Соколовка РФ шекарасы» автомобиль жолының көпірі Қызылжар ауданында Якорь және Соколовка ауылдары арасында 32 шақырым жерде орналасқан. Көпір 1965 жылы салынған, бүгінгі күнге дейін апаттық-қауіпті болып саналып келді. Өйткені жоспарланған жөндеу жұмыстары болған жоқ. Су тасқыны-қауіпті кезеңде еріген сулармен де, Есіл өзенінің суларымен де, Бармашы өзені арқылы өтетін 32 шақырымы су басу қауіпіне ұшырады. Судың төмендеуі кезеңіне дейін тұрақты бақылау қажет болды.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2021 жылдың шілде айында басталды. Күрделі жөндеуден кейін көпірдің ұзындығы 60 м болады, учаскенің жалпы құрылыс ұзындығы көпірге жақындайтын 660 метрді құрайды. Көпір II техникалық санатқа сәйкес келеді. Мердігер «Альфа Строй Групп» ЖШС консорциумында «Көкшетауавтодор» ЖШС, техникалық қадағалау «Сапа СЗ» ЖШС, авторлық қадағалау «Капитал Азия Холдинг» ЖШС болып табылады. 32 бірлік техника, 48 адам жұмылдырылды. Күрделі жөндеудің жалпы құны 502 млн. теңгені құрайды.

Бүгінгі күні көпірді бұзу, қадаларды қағу, көпір тіректерін, ригельді орнату, ашылымдар мен арқалықтарды монтаждау жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, жер алаңын орнату жұмыстары аяқталды, көпірге кіреберістерде асфальт-бетон қоспаларын 3 қабатқа төсеу аяқталды. Қазіргі уақытта блокаралық жіктердің бетонын қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылы көпір бойынша қозғалысты іске қосу жоспарлануда, нысанды 2022 жылы толық пайдалануға беру жоспарлануда.