icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы А. Мұратұлы республикалық маңыздағы «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автомобиль жолының қайта жаңарту жұмыстарымен танысты

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы А. Мұратұлы республикалық маңыздағы «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автомобиль жолының қайта жаңарту жұмыстарымен танысты

 

Қайта құру учаскелерінде 1131 адам, 740 бірлік техника жұмылдырылылған. 7 қосалқы мердігерлік ұйым жұмыс атқарады.

Қазіргі күнде 4 бірл. асфальтбетон зауыты және 6 бірл. ұсату-сұрыптау қондырғылары жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 1034 мың м3 қиыршық тас, 12,79 мың м3 темірбетон, 21,35 мың тонна битум дайындалды.

Бүгінгі таңда 9,8 млн. м3. жер төсемі, 391 км негіз, 360 км асфальт, сондай-ақ 397 дана су өткізу құбырлары мен мал өткелдері, 11 дана Көпірлер мен жол өткелдері салынған.

360 шақырым жаңа асфальтбетон жабынымен жүру қамтамасыз етілді.

Басқарма төрағасы А.Мұратұлының сапар қорытындысы бойынша «ҚазГерСтрой» ЖШС-не айналма жолдардың қанағаттанарлықсыз күтімі, құрылыс-монтаждау жұмыстарының әлсіз қарқыны, жол-құрылыс материалдарын дайындау бойынша ескертулер берілді, сондай-ақ алдағы қысқы кезеңге дайындыққа қатысты мәселелер қозғалды. СинСинь консорциумының басшысына құрылыс-монтаждау жұмыстарын жеделдету туралы тапсырмалар берілді