icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Автожолдардың 7 учаскесінде ақылы жүйені енгізу

Автожолдардың 7 учаскесінде ақылы жүйені енгізу

 

ҚР Үкіметінің 31.12.2019 ж. №1055 қаулысымен бекітілген "Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы" жүзеге асырылуда. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Ұлттық операторының жетік талдауының негізінде ақылы автомобиль жолдарының 7 жаңа учаскесін пайдалануға беру туралы шешім қабылданды. Олар: Нұр-сұлтан – Павлодар, Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентке), Щучинск-Көкшетау, Қапшағай – Талдықорған; Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Шымкент – Қызылорда. Аталған учаскелер ақы алу жүйесінің барлық қажетті жабдықтарымен жабдықталған.

7 жаңа ақылы учаскені пайдалануға енгізу туралы бұйрық жобаларына қол қойылды және Әділет министрлігінде тіркелуде. Бірінші техникалық санаттағы учаскелердегі ақылы жүйені  2021 жылғы 15 қарашадан бастап енгізу жоспарлануда. Бұл ретте осы учаскелер ағымдағы жылдың 1-қазан айынан бастап тестілік пайдалануға берілген болатын.

Тестілік пайдалану алгоритмдердің жұмысын, бағдарламаларды жөндеуді және нақты жағдайларда деректерді өңдеудің технологиялық процесін бақылау мақсатында өнеркәсіптік пайдалануға енгізу алдында ақы алу жүйесінің инфрақұрылымын кешенді тексеруді қамтиды.

Бағдарламаны іске асыру жоспарларына сәйкес, Қоғам Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп ақы алудың "ашық" жүйесін енгізу туралы шешім қабылдады.

Бұл жүйе ақылы учаскелерде шлагбаумдардың мүлде болмауымен ерекшеленеді. Автомобильдердің өтуі арнайы камералар мен жабдықтардың көмегімен бақылау аркаларына бекітілетін болады. "Ашық" жүйенің басты артықшылығы жолдарда кептелістердің/кезектердің болмауына байланысты автомобильдердің жылдамдық режимін сақтауы болып табылады (шлагбаум жүйесімен салыстырғанда).

Осындай жолдармен жүруге ақы төлеу үшін автокөліктің мемлекеттік нөміріне шотты толтырудың 20-дан астам нұсқасы қарастырылған: QAJ mobile (мобильді қосымша), Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank және т.б., сондай-ақ сигнал бақылау аркаларында оқылатын және жол жүру төлемі есебіне теңгерім есептен шығарылатын арнайы белгілерді (RFID белгілер) желімдеу көзделеді.

2013 жылдан бастап I санаттағы ақылы учаскелер бойынша жол жүру мөлшерлемелері өзгерген жоқ (Нұр-сұлтан - Щучинск бірінші ақылы учаскесі енгізілген сәттен бастап) және ол өзгеріссіз сол күйінде қалады.   

Бұдан басқа, қазіргі уақытта "ҚазжолҒЗИ" АҚ қолданыстағы тарифтерден едәуір төмен болатын II және III санаттағы жолдар үшін тарифті айқындау әдістемесін әзірледі. Бұл нормативтік құжат "Атамекен" ҰКП мен құзырлы қауымдастықтардың келісуінде.