«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-да жаңа тағайындау
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасының бұйрығымен 2021 жылғы 3 қарашада "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры болып Қуатжан Әзімбайұлы Жұматаев тағайындалды.
Қ. Жұматаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Тасымалдауды және жол қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі инженер» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, Қазақстан халықтар Достығы университетінің инженер-педагогикалық факультетін «Экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2002 жылы "Т.Рысқұлов автопаркі" ЖШС-де механик – бақылаушы болып бастаған. Шымкент қаласы әкімдігінің Көлік және коммуникациялар бөлімінің инспекторы, "Диспетчерлік қызмет орталығы" ЖШС директоры, Өскемен қаласы әкімдігінің "Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2020 жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің "Нұра топтық су құбыры" шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы директорының орынбасары қызметін атқарды.


