icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қыс мезгіліне дайындығы

Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қыс мезгіліне дайындығы

 

Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар автожолдарының жалпы ұзындығы 1013 шақырымды құрайды. Осы автожолдардың күтіп ұстау жұмыстарымен «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің облыстық филиалы айналысады.

Қысқы кезеңде жұмыс істеу үшін «Қазақавтожол» ЖШС филиалы мұзға қарсы материалдарды сақтауға арналған өндірістік базалар, жылыту пункттері, қоймалар дайындады. Қысқы күтіп-ұстауға жұмыстарына 26 арнайы техникалары (құрамдастырылған жол машиналары, автотргейдерлер, тракторлар мен тиегіштер) жұмысқа тартылады. Одан басқа, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда басқа мекемелерден қосымша техника тарту туралы шарттар жасалды.

Республикалық маңыздағы автомобиль жолдарында қозғалыс қауіпсіздігі туралы күнделікті ақпаратты уақтылы хабардар ету үшін операторлардың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған.

Бейнеу, Шетпе, Ақтаудағы жол учаскелерінде қыста пайдаланылатын материалдар қоры дайындалған. Атап айтсақ, қысқы тайғақтықты жою бойынша іс-шараларды жүргізу үшін 300 тонна тұз және 2,5 мың м2 құм дайындалды. Қызмет көрсетілетін жолдар желісінде 1.15 «тайғақ жол» және 7.16 «дымқыл жабын» жол белгілері орнатылды.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді-мақсаттық бағдарламаға сәйкес, 5,5 мың м2 шұңқырларға жөндеу жүргізілді, 300-ден астам жол белгілері мен паннолар орнатылды және ауыстырылды, 2 мың метрден астам жол қоршаулары жөнделді, бүкіл жолдардағы жол таңбалары жаңартылды.

Қысқы кезеңнің басталуына байланысты автокөлік жүргізушілерге рөльде өте мұқият болуға, жылдамдықты сақтауға және күрт тежеуге жол бермеуге кеңес береміз. Автомобиль жолдарымен жүру кезінде жол белгілерінің талаптарын басшылыққа алу қажет.

Республикалық маңыздағы автомобиль жолдарында қозғалыс қауіпсіздігі туралы күнделікті ақпаратты уақтылы хабардар ету үшін операторлардың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған.

Автомобиль жолдарын пайдаланушыларға автожолдарды күтіп ұстауға қатысты барлық қмәселелер бойынша 60-53-06 телефон нөмірі бойынша тәулік бойы диспетчерлік қызметке хабарласуға болатынын хабарлаймыз.