icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"Қауіпсіз жаяу жүргіншілер жолағы" аппараттық кешені орнатылды

Батыс Қазақстан облысында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ БҚОФ бастамасымен "Creative Pro" ЖШС республикалық маңызы бар "Самара-Шымкент" автомобиль жолының 263 шақырымында  "Қауіпсіз жаяу жүргіншілер жолағы" аппараттық кешені орнатылды. Қараңғы мезгілде жарық сәулемен айқындалатын жаяу жүргіншілер жолағы Подстепное ауылындағы мектеп жанында қойылды. Пилоттық жоба таңғы және кешкі уақытта оқушылар мен ата-аналардың, жалпы ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды. Проекциялық кешен орнатылатын орын жергілікті әкімдікпен алдын ала келісіліп, жұмыстар бірлесе жүргізілді.