icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Жолдарға ақылылық енгізілді

Жолдарға ақылылық енгізілді

 

2021 жылдың 15 қарашасынан бастап республикалық маңызы бар жолдардың 4 жолақты қозғалысы бар, бірінші санатты 7 учаскесінде ақылылық жүйесі енгізілді. («Нұр – Сұлтан – Павлодар», «Қапшағай – Талдықорған», «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Ташкент», «Щучинск-Көкшетау»).

Жоғарыда аталған учаскелер бойынша ақылылықты енгізу туралы бұйрықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтті және ағымдағы жылдың 23 қарашасында заңды күшіне енеді, сәйкесінше осы күннен бастап жол жүру ақысы алынатын болады.  

Ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады.

Ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтарының орналасқан жері:

  1. «Қапшағай – Талдықорған», 252+150 шақырымда сол жағынан (Талдықорған қаласынан шығаберісте), Талдықорған қаласының аумағында Қапшағай бағытында орналасқан.
  2. «Тараз – Қайнар», 453+300 шақырымда оң жағынан (Ақшолақ а.), Тараз қаласынан шығаберісте Қайнар ауылына барар бағытта, Тараз қаласынан 37 шақырым жерде орналасқан.
  3. «Шымкент – Қызылорда», 2127+000 шақырымда оң жағынан (Иқан а.); Түркістан қаласынан Шымкент шаһарына шығаберісте, Түркістан қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан.
  4. «Шымкент – Тараз», 648+500 шақырымда оң жағынан (Машат а.), Шымкент қаласынан Тараз шаһарына барар бағытта, Шымкент қаласынан 28 шақырым жерде орналасқан.
  5. «Шымкент – Өзбекстан шекарасы, 792+000 шақырымда оң жағынан, Атамекен ауылынан Шымкент қаласына барар бағытта, Шымкент қаласынан 86 шақырым жерде орналасқан.
  6. «Нұр-Сұлтан – Павлодар», 20+400 шақырымда сол жағынан (Қоянды а.), Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар шаһарына барар бағытта, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан.
  7. «Нұр-Сұлтан – Павлодар», 1239+500 шақырымда оң жағынан (Бәйет а.), Павлодар қаласына барар бағытта, Нұр-Сұлтан шаһарынан 239 шақырым және Екібастұз қаласынан 53 шақырым жерде орналасқан.

 

Қала ішіндегі ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтары:

  1. «Қапшағай – Талдықорған», Алматы қ., Абылай хан көшесі, 27/27;
  2. «Тараз – Қайнар», Тараз қ., Әйтеке би көшесі, 73-үй;
  3. «Шымкент – Қызылорда», Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс көшесі, 4А, және 1825+400 шақырымда, «Аманкелді» кемпингінде, оң жағынан;
  4. «Шымкент – Тараз», Тараз қ., жолшы алабы 1 В, Шымкент қаласына барар бағытта, «Раушан» кафесі;
  5. «Нұр – Сұлтан – Павлодар», Ленин кенті, Жасыбай батыр көшесі, 2/1 (ЖЭУ-61), Нұр-Сұлтан қаласына барар бағытта оң жағынан және Павлодар қаласында Сәтбаев көшесі, 97.

Бүгінгі таңда ақылы автомобиль жолына іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте белгіленген тәртіппен тіркелген жергілікті жеңіл көлік үшін құны 1000 теңге жылдық абонемент сатып алу мүмкіндігі бар. Абонементтердің әрекеті ақылы учаскенің барлық бағыты үшін екі бағытқа да қолданылады. Аталған мүмкіндікті келесі аудандарда тіркелген жеңіл АКҚ иелері алуға құқылы:

  1. «Қапшағай – Талдықорған» - Қапшағай, Кербұлақ, Көксу, Ескелді аудандары, сондай-ақ, Талдықорған қаласы;
  2. «Тараз – Қайнар» - Қордай, Шу, Мерке, Т.Рысқұлов, Байзақ аудандары;
  3. «Шымкент – Тараз» - Сайрам, Түлкібас, Жуалы, Жамбыл аудандары;
  4. «Шымкент – Қызылорда» - Кентау, Сауран, Ордабасы, Байдібек, Сайрам, Жаңақорған, Шиелі аудандары;

5       «Шымкент – Ташкент» - Төле би, Қазығұрт, Сарыағаш аудандары;

  1. «Щучинск – Көкшетау» - Бурабай, Зеренді, аудандары, Щучинск қаласы;
  2. «Нұр-Сұлтан – Павлодар» - Целиноград, Ерейментау аудандары, Екібастұз және Ақсу қалаларының аумағы.

 

Жергілікті жеңіл автокөлікке жылдық абонементті рәсімдеу үшін келесі қажет:

- Ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтарының операторларына жүгіну;

- автомобильге жеке куәлік пен техникалық құжаттаманы ұсыну;

- өтінішті жазу;

- 1000 теңге көлемінде төлем жүргізу;

- чекті алу.

Сондай-ақ, абоненттік төлемді ресімдеу үшін берешектің жоқ екенін алдын ала тексеріп, өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен 1000 тг сомасына өзіңіздің жеңіл көлік құралыңыздың балансын толтыру қажет. Одан кейін 1403 нөміріне, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ байланыс орталығына қоңырау шалып, абонемент ресімдегіңіз келетіні туралы хабарлау қажет. Байланыс орталығының операторы сіздің көлік құралыңыздың деректерін тексереді, барлық қажетті параметрлер сәйкес келген жағдайда абонемент ресімделеді.

Тестілік режим нәтижелері бойынша алынған деректерді талдау ақы алу жүйесін тестілік пайдалану кезеңінде автокөлік құралдарының көптеген меншік иелері және күнделікті тасымалдауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтарына жүгінбегенін көрсетті. Тиісінше, ақылы жол аймағында тіркелген көптеген жергілікті автокөлік иелері жол жүру жеңілдігі бар абонементтерді уақтылы ресімдемеген. Сондай-ақ, жүк тасымалы бойынша қызмет көрсететін барлық ұйымдар ақылы жол учаскелерін пайдалануға шарт жасасқан жоқ.

Осы орайда жергілікті тұрғындарға жеңілдік абонементтерін рәсімдеу үшін бір апта ішінде ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтарына немесе тәулік бойы 1403 қысқа нөміріне хабарласуды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, абоненттік төлемді ақылы автомобиль жолына іргелес аудандарда тіркелген жеңіл көлік құралдары бар пайдаланушылар рәсімдей алады.