icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

ШҚО Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстауға дайындық барысы туралы ақпарат

ШҚО Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстауға дайындық барысы туралы ақпарат Облыстың республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының барлық желісі – 3 414 шақырымды құрайды, оның ішінде қайта жаңарту учаскелері 894 шақырым, "Қазақавтожол" ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық филиалының күтіп ұстауында - 2 540 шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын құрайды.

Шығыс Қазақстан облысының Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын (соның ішінде қысқы) күтіп ұстаумен "Қазақавтожол" ЖШС ШҚОФ 12 бөлімшесі айналысады: 11-ЖПУ, 1-ООУ.

Жылыту пункттері 11 бірлік, дайындығы 100%. Өндірістік базалар 21 бірлік, дайындығы 100%. "Қазақавтожол" ЖШС ШҚОФ барлығы 156 бірлік мамандандырылған қар тазалау техникасы бар, дайындығы 100%. Бүгінгі күні тұз, көмір, КҚМ (көктайғаққа қарсы материал), соның ішінде: – тұздар-1540 тн; - көмір-2158 тн; - құм-8900 м3; - қар ұстайтын қалқандар-5 010 п.м.; - уақытша жол белгілері-217 дана; Сондай – ақ, қысқа дайындық жоспары орындалды: қар ұстайтын қалқандарды орнату – 5 010 п. м., уақытша жол белгілерін орнату – 615 дана, су өткізетін құбырларды жабу-882 дана.; Республикалық маңызы бар "Өскемен-Алтай - Үлкен Нарын - Катон Қарағай - Рахман қайнары" автожолының 59-66 шақырымында көшкін қаупі бар учаске бар. Мұндай жағдайларда тазалау Северное ауылында орналасқан №30 ЖПУ-нің және Полянское ауылындағы № 32 ЖПУ-нің жол техникасымен жүргізіледі. Қар көшкіні жүретін жер "Қазселденқорғау" РМК тұрақты мониторингінде.

Республикалық маңызы бар автожолдарда апаттылықты төмендету мақсатында 12 жерде жаяу жүргіншілер өткелінің алдында шу жолақтары салынды. "Өскемен-Шемонаиха – РФ шек." 4,13 шақ. автожол учаскесінде кері байланыстың 2 белгісі (жылдамдық өлшегіштер) орнатылды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы ШҚО ПД ӘПБ бірлесіп "Өскемен – Семей" а/ж 17, 88, 168, 141 шақ. учаскесінде 4 жылдамдық өлшегіш макеті орнатылды. "Омбы-Майқапшағай" автожолының 846 шақ. учаскесінде көлемі 157 м2 шекті шу жолағын орнату бойынша жұмыс жүргізілді. Жол қозғалысына қатысушыларды ақпараттандыру мақсатында 4 дана электрондық ақпараттық табло орнатылды: - "Омбы-Майқапшағай" а/ж 904 шақ. (Қалбатау ауылына кіру); - "Өскемен-Риддер" а/ж, 12 шақ (Белоусовка ауылы); - "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахман қайнарлары" а/ж 1 шақ.(Степное ауылы) және 166 шақ. (Алтай қаласы); 3 дана ақпараттық-насихаттық билбордтар орнатылды: - "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз" а/ж 900 шақ; - "Омбы-Майқапшағай" а/ж, 830шақ (Суықбұлақ ауылы), 902 шақ. (Қалбатау ауылы);

Сондай-ақ, "Өскемен-Шемонаиха", "Өскемен-Риддер", "Өскемен-Алтай-Қатонқарағай-Рахман қайнарлары" автомобиль жолдарының авариялық-қауіпті учаскелеріндегі жол белгілері жаңартылды. 2 жаяу жүргіншілер өткелінде жарықдиодты белгілер орнатылған (Прапорщиково, Дмитриевка ауылдары).