Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өтті

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өтті

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өтті

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өтті

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз маслихаты болып өтті. Оған ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Т. Абдуллин, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Мұратұлы Асқар  қатысты. Баспасөз маслихаты барысында – республикалық маңызы бар  7 жаңа жол учаскесінде  ақылы жүйені енгізу туралы айтылды.

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Т. Абдуллин «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы 2020-2025 жылдарға арналған міндеттер, ақы алу жүйесін енгізу және жол бойындағы қызмет көрсету нысандары туралы баяндады.

Сондай-ақ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы ақылы жолдардағы тарифтер, жол жүру жеңілдіктері, жиналған қаржының жұмсалуы мен игерілуі туралы баяндама жасады.

Ұзындығы 5,8 мың щақырымды құрайтын ақылы учаскелерді енгізу жоспары кезең-кезеңмен жасалады.  Жол тарифі I-санаттағы 1 шақырым жолдың құны 1 теңгеден 25 теңге аралығында қалады. II және III категориялар тек А жолдары бойынша жүк көліктерінің көлік коэффициентін қолдана отырып, жайлылық деңгейіне байланысты төлем алынады", - деп атап өтті ведомство басшысы.  Бүгінгі таңда пайдалануға 7 учаске беріліп отыр: Нұр-Сұлтан-Павлодар; Шымкент- Өзбекстан шекарасы; Шымкент-Қызылорда; Шымкент-Тараз; Тараз - Қайнар; Қапшағай - Талдықорған; Щучинск - Көкшетау.

Баспасөз маслихатының соңында журналистер өздерін алаңдатып жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.