icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Хабарландыру!

Хабарландыру!

Ағымдағы жылдың 23-қарашасынан бастап 7 жаңа республикалық жол учаскелерінде жол жүру ақысы алынуда.  Бұл келесі учаскелер: Нұр-Сұлтан-Павлодар, Шымкент-Өзбекстан шекарасы (Ташкентке), Щучинск-Көкшетау, Қапшағай - Талдықорған, Шымкент - Тараз, Тараз - Қайнар, Шымкент – Қызылорда.

Егер сіз осы ақылы учаскелер арқылы өтіп,  жол жүру ақысын төлемеген болсаңыз, онда сізге 7 күн ішінде тарифке сәйкес қарызыңызды өтеу мүмкіндігі беріледі.  Ақы төлеудің 20-дан астам нұсқасы қарастырылған: QAJ mobile (мобильді қосымша), Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank және т.б.

Естеріңізге сала кетейік, жол жүру ақысын төлемеген жағдайда, 8-ші күні ҚР ӘҚБтК-нің 628-бабына сәйкес сізге айыппұл салынады. Жеке тұлғалар үшін ол 5 АЕК, заңды тұлғалар үшін -10 АЕК-ті құрайды.

Барлық автокөлік жүргізушілерінен әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау үшін жолақысын уақтылы төлеуді сұраймыз.