icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары  Н. Жұқабетов «Қарабұтақ-Қостанай» автожолындағы дәлізді қайта жаңарту жұмыстарын тексеріп қайтты

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Н. Жұқабетов «Қарабұтақ-Қостанай» автожолындағы дәлізді қайта жаңарту жұмыстарын тексеріп қайтты

 

Денисовка кентінен Рудный қаласына дейін жалпы ұзындығы 114 шақырым «Қарабұтақ – Қостанай» республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін қайта жаңарту бойынша автомобиль жолдары  5 учаскеге бөлінген.

Денисовка кентінен Аят өзені арқылы өтетін көпірге дейін ұзындығы-89 шақырым дәлізі бойынша жол санатын III-тен II-техникалық санатқа және Айет ауылынан Рудный қаласына дейін ұзындығы-25 шақырым  I-техникалық санатқа дейін ұлғайту көзделген.   

Бұдан басқа, жобамен Лисаков қаласы, Айет ауылы және Рудный қаласы «труба» үлгісіндегі бір деңгейде үш көлік айырымын, сондай-ақ Елизаветинка ауданындағы темір жол өткелі арқылы жаңа жол өтпесі салынады.   

Денисовка кентінде ЖПБ, Тобыл станциясында ЖПП салу жоспарда бар. Сонымен қатар 116 дана - су өткізгіш құбырлары, 5 дана - жаңа демалыс алаңдары (Алчановка ауылы, Перелески ауылы, Лисаковск қаласы және Аят өзені арқылы өтетін көпір). 2 дана – «KazWay» модульді жылы дәретханасы (Алчановка ауылы және Аят өзені арқылы өтетін көпір). Аялдама алаңдары мен көлік айрықтарын жарықтандыру қарастырылған.

      Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 71 шақырым болатын 3 учаске бойынша жұмыстар толық көлемде аяқталынып, пайдалануға берілді.

Набережное кентінен Тобыл бекетіне дейінгі учаске бойынша ұзындығы 24 шақырым. Ағымдағы жылы 23,5 шақырым жабынның төменгі қабатын немесе 19,6 шм қиыршық тас маститі асфальт жабынының 100% жоғарғы қабатын немесе жоспардан 83% орнату бойынша жұмыстар орындалды. Транзиттік автокөліктер үшін жол телімінің барлық қозғалысы бойынша жүру қамтамасыз етілді.

Нысанды пайдалануға беру 2022 жылға жоспарланып отыр. Аят өзені көпірінен Рудный қаласына дейінгі учаске бойынша ұзындығы 19 шақырым.  

     Бүгінгі күні Айет ауылы мен Рудный қаласында жер жұмыстары, көлік айрықтарының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ темір жол өтпесі арқылы жол өтпесін салу үшін дайындық жұмыстары жүргізіледі.   

      2022 жылы учаскенің барлық ұзындығы бойынша негізгі жүріспен жүруді қамтамасыз етуді жоспарлануда. 2023 жылы толықтай пайдалануға беріледі.   

Осы жобаны іске асыру үшін - 263 мың м3 инертті материал, жол битумы – 10 мың тонна және темірбетон бұйымдары – 8 мың м3 пайдаланылды.

     Барлығы жол-құрылыс техникасы - 290 бірлік, 700 адам жұмысқа жұмылдырылды.