icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

          Бүгінгі күні республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 4 ақылы учаскесінде жалпы 47 демалыс орны бар. Оның 14-інде модульдік үлгідегі  санитарлық-гигиеналық торабтар    жұмыс істейді. Олар мына бағыттағы жолдарда:

  1. «Нұр-Сұлтан – Щучинск» – 17 демалыс орны және 13 модульдік дәретхана
  2. «Нұр-Сұлтан – Теміртау» – 8 демалыс орны
  3. «Алматы – Қапшағай» – 4 демалыс орны
  4. «Алматы – Қорғас» – 18 демалыс орны және 1 модульдік дәретхана.

       Сондай-ақ, аталған ақылы учаскелердің бойында 50 бірлік  жол бойындағы қызмет көрсету нысандары   бар. Оның 34-інде   санитарлық-гигеналық торабтар  орналасқан. Атап айтсақ:

  1. «Нұр-Сұлтан – Щучинск» – 28 нысан және 18 дәретхана;
  2. «Нұр-Сұлтан – Теміртау» – 9 нысан және 7 дәретхана.
  3. «Алматы – Қапшағай» – 4 нысан және 2 дәретхана
  4. «Алматы – Қорғас» – 9 нысан және 8 дәретхана.

        «Қазавтожол» ҰК» АҚ-ы Мемлекеттік бағдарлама аясында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының барлық учаскелерінде  жол бойындағы сервистік нысандар санын ұлғайту жұмыстарын одан әрі  жалғастыратынын жеткізеді.