icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

2022 жылғы 12-13 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде қатты жауын-шашын, бұрқасын және жауын-шашын кезінде көрінудің төмендеуіне байланысты дауылды ескерту жарияланды.

2022 жылғы 12-13 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде қатты жауын-шашын, бұрқасын және жауын-шашын кезінде көрінудің төмендеуіне байланысты дауылды ескерту жарияланды. Осылайша, өткен демалыс күндері (2022 жылғы 12-13 ақпан) 10 өңірде: Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, СҚО, ШҚО және БҚО-да 40 рет қозғалысқа шектеу енгізілді. Қар тазалау жұмыстарына 600-ге жуық арнайы техника және 1 мың жол жұмысшысы жұмылдырылды.
“Қар құрсауында қалып қойған автокөлік иелері 1403 нөміріне хабарласа алады. Бұл тәулік бойы жұмыс жасайтын call-орталық”, - деп түсіндіріп өтті "ҚазАвтоЖол " ұлттық компанияcының баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, елімізде жолда қиын жағдайға тап болған тұрғындар үшін 133 жылыту пункті жұмыс істейтінін еске саламыз.
Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар барлық жолдар ашық. Жолдарды күтіп ұстау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.
Автокөлік иелері ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты, сондай-ақ оның нашарлауы мен жолдардың жабылуы туралы арнайы хабарламаларды мұқият қадағалап отыруы керек екенін ескертеміз. Сонымен қатар жүргізушілерге ауа-райы нашарлаған жағдайда қаладан немесе елді мекеннен тыс жерлерге шығуды шектеуді ұсынамыз.