icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

БАРЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ МЕРДІГЕРЛІК ҰЙЫМДАР НАЗАРЫНА!

БАРЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ МЕРДІГЕРЛІК ҰЙЫМДАР НАЗАРЫНА!

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолын, км 12-24 Қызылорда қаласының айналма жолын қоса алғанда «Қызылорда – Жезқазған» учаскесін реконструкциялау бойынша мердігерлік ұйымдарды конкурстық іріктеуді жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.
Конкурс Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) https://ecepp.ebrd.com/respond/J3BJHW9R99 электрондық порталында электрондық форматта өткізіледі. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сайтта мердігерлік ұйым ретінде тіркелу және өтінімдерді беру міндетті талап болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар туралы толық ақпаратқа сайтта орналастырылған конкурстық құжаттамада қол жеткізуге болады:
Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі – 2022 жылғы 14 ақпан, конверттерді ашу уақыты мен күні – 2022 жылғы 4 сәуір, Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 15:00.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ әлеуетті өнім берушілерді қандай да бір болмасын сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады. Егер сіз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын көрсеңіз немесе сыбайлас жемқорлық көріністерінің куәсі болсаңыз, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ сенім телефоны + 7 7172 648738 және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің CALL орталығының 1424 нөмірі бойынша хабарласуыңыз қажет.