icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

1403 бірыңғай call-орталығы 3 жылда 230 мыңға жуық өтініш қарастырды - "ҚазАвтоЖол"

-Тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығы 2019 жылдың көктемінде құрылды. Орталықтың негізгі мақсаты - "24/7/365" режимінде республикалық маңызы бар жолдарды пайдаланушылармен өзара байланыста болып, кеңес беру. Осы уақыт ішінде орталық мамандары 230 мыңға жуық өтінішті қабылдап, пысықтады. Байланыс орталығының қызметкерлері тәулік бойы төрт ауысымда жұмыс істейді. Екі тілде (қазақ және орыс тілдері) кеңес береді. Орталықтағы маман саны - 65 адам. 1403 бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлері республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына қатысты барлық мәселелер бойынша кеңес береді, соңғы жаңалықпен хабардар етеді және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, жолда штаттан тыс жағдайға тап болып, мәселен, қар құрсауында қалып қойған әрбір автокөлік иесі осы байланыс орталығына жүгіне алады. Тек өткен 3 тәулік ішінде, яғни 2022 жылғы 12-15 ақпан аралығында орталық 6,5 мыңға жуық өтінішті өңдеді. Сол кезде еліміздің 10 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 80 рет қозғалысқа шектеу енгізілді". 1403 байланыс орталығына стационарлық телефоннан да, ұялы телефоннан да қоңырау шалу тегін. Күн сайын ақылы жолдарға, жолдарды күтіп-ұстауға, республикалық маңызы бар автожолдардағы жол жүрісінің қарқындылығы мен қауіпсіздігіне қатысты 500-ге жуық өтініш келіп түседі. 1403 бірыңғай call-орталығы сынды заманауи цифрлық технологиялар халықпен кері байланысты нығайтуға көмектеседі. Орталық пайда болғаннан бері республикалық маңызы бар жолдар мен жол бойындағы сервисті одан әрі дамытуға атсалысып, ұсыныстарын орталық арқылы жеткізіп жатқан автокөлік иелерінің саны артты. Айта кету қажет, автокөлік жүргізушілерінен келіп түскен барлық ұсыныстар мен шағымдар міндетті түрде ескеріледі.