icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Республикалық маңызы бар жолдарда су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде

Су басып кету қаупі бар учаскелер тізімі жасалып, 250-ден астам учаске анықталып отыр. ҚазАвтоЖолдың әр өңірлік филиалы көпір асты аймақтарды, су өткізу құбырларын қардан тазалап, ашып жатыр. Сонымен бірге көпір арналарын тазалау, су тасқынын болдырмау үшін инертті материалдарды дайындау жұмыстары жалғасуда.

Күн сайын аталмыш жұмыстарға 600-ге жуық арнайы техника және 1 мыңнан астам жол қызметкері жұмылдырылуда.

Бұдан басқа, су тасқыны қаупі бар кезеңде бригадалардың тәулік бойы кезекшілігі қамтамасыз етіліп отыр. Учаскелерге бақылау орнатылып, қажетті материалдар қоры дайын тұр.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық компания қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу қажет. ҚазАвтоЖол ресми сайтында жолдардағы ахуал бейнеленген интерактив карта бар. Сілтеме: https://ru.qaj.kz/s/