icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі 2022 жылғы 30 наурызда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен қоғам өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған
"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі 2022 жылғы 30 наурызда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен қоғам өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі нормаларын түсіндіру бойынша кездесу ұйымдастырды.
Өз сөзінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің астаналық Превенция басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Монолбаев Агенттік жұмысының негізгі бағыттары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге, анықтауға бағытталған қолданылатын алдын алу шаралары туралы ақпаратты жеткізді.
Қатысушылардың назары келесі міндеттерге аударылды: сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша шараларды жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мониторингі, уәкілетті органның қызметін жетілдіру.
Спикердің айтуынша, заң мен сот алдында баршаның теңдігін қамтамасыз етуге басты назар аудару ұсынылады. Бұл үшін сот билігі мен судьялардың тәуелсіздігін күшейту, құқық қорғау органдары қатарының тазалығын қамтамасыз ету, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру жөніндегі шаралар әзірленді.  
Кездесуге қатысушылар 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері туралы хабардар болды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлағаны үшін көтермелеу жүйесі және 1424 Call-орталығына сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау тәртібі туралы хабардар етілді.
Іс-шара соңында жеке құрамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетілді, қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
11:32