icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

ҚазАвтоЖол мен Qazaq Oil бірлесіп жол бойындағы сервисті дамытады

-ҚазАвтоЖол басшысы Мейірхат Қасымбаев пен Qazaq Oil бас директоры Төлеміс Шотанов республикалық маңызы бар трассаларда жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту бойынша бірлескен жұмыс туралы келісімге келді. Бұл келісім аясында 600-ге жуық кешен ребрендингтен өтуі мүмкін. Жанар-жағар май құю кешендері жоғары сұраныс туындап отырған, автокөлік неғұрлым көбірек қатынайтын (интенсивті жолдар) тас жолдар бойында салынбақ. Мысалы, Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолында Qazaq Oil-дың алты кешені ашылды. Оларда жолаушыларға қажет барлық жағдай жасалған. Мәселен, жүк көліктеріне арналған тұрақтар, кафелер, шағын тамақ ішу орындары, душтар және т.б. бар. ҚазАвтоЖол басшысы Мейірхат Қасымбаев бірлескен жұмысқа оң серпін беретін бұл құжаттың маңыздылығын атап өтті. "Жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі мен жайлылығына ерекше көңіл бөлудеміз. Бұл Меморандум автоәуесқойлар үшін қолайлы жағдай жасап қана қоймай, шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді", - деп атап өтті ҚазАвтоЖол басшысы Мейірхат Қасымбаев. Басты мақсат – республикалық маңызы бар жолдардың бойындағы инфрақұрылым мен сервисті дамыту, жол бойында орналасқан нысандарды ұлттық стандартқа сәйкестендіру және сапалы қызмет көрсету. Бұдан басқа, тараптар жол сервисі саласын одан әрі дамыту аясында мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірлеп, енгізбек. "Qazaq Oil бренді жол бойында көрсетілетін сервистің сапа белгісіне айналуда. Ал ҚазАвтоЖол үшін басымдық жолдардағы жайлылық пен қауіпсіздік екенін ескерсек, бұл синергия жемісті болатынына сенім білдіремін", - деп атап өтті Qazaq Oil бас директоры Төлеміс Шотанов Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Қазақстандағы республикалық маңызы бар жолдардың бойында 1600-ден астам нысан бар. Олардың шамамен 70% - ы ұлттық стандартқа сәйкес келеді. Тек өткен 2021 жылдың өзінде ҚазАвтоЖол республикалық маңызы бар жолдар бойында 70-тен астам қызмет көрсету нысандарын енгізді. ШОБ өкілдері үшін қосымша ақпарат: "Қазавтожол" сайтында өтінім беруге болады https://ru.qaj.kz/investors/, өтінім қысқа мерзімде қаралады. Барлық өтінімдер электронды түрде қабылданады. Сондай-ақ, компанияның 1403 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға да болады.